Жарға ойнаған он жаста лақтайсың,
Он бес жаста толқыған сынаптайсың.
Ақ алмас,
Қалды-ау кейін қайран жас.
Жиырмаға келгенде кәмел толып,
Өзіңді-өзін менсініп ұнатпайсың.
Ақ алмас,
Қалды-ау кейін қайран жас.
Қыпшақский мағы ерке-ай,
Ән шіркіннің бұлбұлы-ай.
Мақпал-ай, мақпал.
Әгей көккей, әгей көккей.
Көк ала қоңыр үйрек секілденген ой-үй,
Қайтқанда елге таман.
Ахау шіркін бикөкемдей-ау.
Ойлап тұрсам дүние шолақ екен,
Ақыл, қайрат жас күнде мол-ақ екен.
Ақ алмас,
Қалды-ау кейін қалам қас.
Жиырма бес, отыз бес, қайран он бес,
Үш күн қонған үшеуі қонақ екен.
Ақ алмас,
Қалды-ау кейін қайран жас.
Қыпшақский мағы ерке-ай,
Ән шіркіннің бұлбұлы-ай.
Мақпал-ай, мақпал.
Әгей көккей, әгей көккей.
Көк ала қоңыр үйрек секілденген ой-үй,
Қайтқанда елге таман.
Ахау шіркін бикөкемдей-ау.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: