Көңіл керуені (текст)

Мұңымды айтып алдыңда көп отырдым
Үміт отын мұндайда, жағатын кім
Ұясынан адасқан, балапандай
Паналадың астына қанатымның
Паналайын мен сені, паналайын
Көңіліңнің көркіне, қарамайын
Жаным жүдеп алдыңа келіп қалдым
Тартып алған асығын баладайын
Уақыт шіркін өтпейді тосқанда бір
Сені ойлаймын тәтті ұйқым, қашқанда бір
Сүйген жүрек сарғайып, қасыңда тұр
Пенде көңіл шарықтап аспанда жүр
Сүйген жүрек сарғайып, қасыңда тұр
Пенде көңіл шарықтап аспанда жүр
Жабыққанда болып ең талай мекен
Шын сүйемін қасыңнан қалай кетем
Керегесін көктеп мен көңілімнің
Жамал өмір осыны қалайды екен
Керегесін көктеп мен көңілімнің
Жамал өмір осыны қалайды екен
Жамал өмір осыны.

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: