Атым жоқ Сұрқызылмен жарысатын,
Палуанменен күшім жоқ алысатын.
Ел жайлауға көшкенде қойлар қоздап,
Маңырасып күн қайда табысатын.
Мақпал-ай, Мақпал,
Заман-ай, көк үриай, көк.
Үкілі қоңыр үйрек ұшырғалы,
Па, шіркін, үриай-дай, хали-ляй.
Ойнап-күл дүниенің жарығында,
Көңілдің жан қартаяр жарымында.
Туған ай толғаннан соң ол да қайтар,
Тұрмақ жоқ ешбір нәрсе қалыбында.
Мақпал-ай, Мақпал,
Заман-ай, көк үриай, көк.
Үкілі қоңыр үйрек ұшырғалы,
Па, шіркін, үриай-дай, хали-ляй.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: