Ақ түлкісі Жайықтың аралдағы,
Сен бір шыққан алдымнан маралдағы.
Ой Медине бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.
Ажарыңды көрдім де қақтым қанат,
Ақыйықша шарықтап Оралдағы.
Ой Медине бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.
Мен ақиық Оралдың шыңындағы
Қызыл түлкі сен сәулем қырындағы.
Ой Медине бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.
Ал қызыл гүл асыл зат сылаң етіп,
Алдымнан шық майысып бұралдағы.
Ой Медине бөлем-ай,
Алма мойын, аршын төс,
Тауық тамақ екен-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: