Мереке (2-нұсқа) (текст)

Көрінер қора сұлу қойы болса,
Көрінер қыздар сұлу бойы болса.
Өлеңді мұнда айтпаған қайда айтамыз,
Мереке күнде осындай тойы болса.

А-ха-хау, ей, жалған,
Көңілдің айтса тарқар
Қайғы арман.

Аспанда ай болмаса адасады,
Көңілді күлмей жүрсе кір басады.
Кеудесі жақсылардың алтын сандық,
Сандықты кілт болмаса кім ашады.

А-ха-хау, ей, жалған,
Көңілдің айтса тарқар
Қайғы арман.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: