Мәлік батыр (текст)

Уа, батыр, қан майданда кескілескен,
Жаныштап жауды жерге ерегіскен.
Хош көріп келгеніңді, құрметтейді
Бай өлке, балғын елің туып-өскен.

Уа, батыр Мәлік,
Болды қанық атыңа
Бүкіл халық

Өр кеуде, отты жүрек, батыр Мәлік,
Зор даңқың дүниені кетті жарып.
Майданда, ризамыз, ойнадың сен,
Бейне бір найзағайдай жарқыл қағып.

Уа, батыр Мәлік,
Болды қанық атыңа
Бүкіл халық.

 

Сөзі: Е. Есетов

Әні: Е. Есетов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: