Мөлдір тұнық көздерің (текст)

Ақ қағазға ақ қаламмен,
Салдым сенің бейнеңді.
Ақ жүзіңді аймаласам,
Жаным ғажап күйге енді.

Қайырмасы:
Мөлдір тұнық көздеріңде,
Жұмбағы бар өмірдің.
Мөлдір тұнық көздеріңде,
Сырлары бар өмірдің.

Маралымсың арман еткен,
Жұмақтың бағындағы.
Жігер күш таусылған ба,
Жүрегім бағынбады.

Қайырмасы:

Жайқалған жасыл өлкем,
Жайраңдаған асыл ерке.
Жүректе сезімім бар,
Айнымас адал көркем.

Қайырмасы:

 

Сөзі: Ж.Зиясов

Әні:

Орындаушы: І.Байбосынов

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=7PnnZ_Pjh44