Көзімнің жанарындай сәулем едің,
Көңілімнің қуанышты дәурені едің.
Кетпейсің күндіз естен, түнде түстен,
Басымды не сыйқырмен әуреледің.
Ахахахау-лем, улайлем
Ей, сәулем, сіз бір алтын сағаттағы,
Жақсы адам көңіліңді табат-дағы.
Жаманға бір сөз айтсаң шалқалайды,
Сондықтан, көңіл шіркін қалат-дағы.
Ахахахау-лем, улайлем
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: