Торы ала, шу, жануар, алдыңда ел жоқ,
Алдыңда шығып байлар бұраң бел жоқ.
Нәзікгүл, қош-аман бол жолыққанша,
Келгенде енді айналып кім бар, кім жоқ.
Аяғы Күркелестің ойдым-ойдым,
Тойыңа қызықсын деп атан сойдым.
Жалғаннан өтер болдым, ғашық жарым,
Нәзікгүл, ойыныңа қашан тойдым.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: