Суың тәтті, Обаған, жағаң биік,
Қасіретін мен тарттым жаным күйіп.
Ғашық болған Арқада мен бір бала,
Кете алмадым жағаңнан көңіл қиып.
Жаным күйіп-ай, жаным күйіп-ай.
Көктемде гүл шығады тауға жайнап,
Тасында түрлі құстар жүрер сайрап.
Күніне бір көрмесем, сағынамын,
Қойғандай тағдыр бейне жіпсіз байлап.
Жіпсіз байлап-ай, жіпсіз байлап-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: