Ойланшы өзің (2-нұсқа) (текст)

Қараймын жабығыңнан қаздай бойлап,
Ұйқы жоқ күндіз-түні сені ойлап,
Сүйгенім, ойланшы өзің.

Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Өмірді өткізейік күліп-ойнап,
Сүйгенім, ойланшы өзің.

Жан қалқа, кете көрме серттен тайып,
Жүремін сені көрсем көңілім байып,
Сүйгенім, ойланшы өзің.

Жас жастың тілегі бір деген сөз бар,
Тезірек жауабын бер болмаса айып,
Сүйгенім, ойланшы өзің.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: