Қаршығаң қыран болса, тырна алады-ау,
Жел соқса, қамыс басы ырғалады-ау,
Ой, жан сәулем, ырғалад(ы)-ай-ау!
Бұрынғы өткендерден қалған бір сөз-ау,
Базардан байдың қызы сырға алады-ау,
Ой, жан сәулем, сырға алад(ы)-ай-ау!
Сырғалы бойжеткеннің біреуі сен-ау,
Өзіңнен қандай жастар құр қалады-ау,
Ой, жан сәулем, құр қалад(ы)-ай-ау!
Өзіңді ат арылтып іздеп келіп-ау,
Отырмын бенітіңді ырғағалы-ау,
Ой, жан сәулем, ырғағал(ы)-ай-ау!
Алыстан әдейі іздеп келгенімде-ау,
Өзіңдей тауып алдым бір баланы-ау,
Ой, жан сәулем, бір балан(ы)-ай-ау!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: