Осылай заман, осылай (текст)

Айт дегенде өлеңді-ей іркілмеймін-ау,
Жақсы көрген адамды шіркін деймін-ау.

Осылай заман, осылай-ау.

Көпшіліктің алдында-ей ән салғанда-ау,
Жолға түскен жорғадай бүлкілдеймін-ау.

Осылай заман, осылай-ау.

Мадақтайын мадақтайын-ей сөңкіл келін-ау,
Он жасымнан ойын сап өскен жерім-ау.

Осылай заман, осылай-ау.

Бір аз ғана жырлайын-ей салтанатты-ау,
Бақыт қонған дәл бүгін құтты елім-ау.

Осылай заман, осылай-ау.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: