Шырқап-шырқап берейін әнге басып,
Кім жүрмейді жақсымен араласып.
Перизат, бауырым,
Қайда тұрады ауылың.
Жиын топта бас қосқан көп жамағат,
Осы әніммен берейін көңіл ашып.
Перизат, бауырым,
Қайда тұрады ауылың.
Баста десе өлеңді бала бастар,
Бастай алмай отырған есіл жастар.
Перизат, бауырым,
Қайда тұрады ауылың.
Бастай алмай отыр ғой есіл жастар,
Бастап-бастап берейін мен құрдастар.
Перизат, бауырым,
Қайда тұрады ауылың.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: