Риай-ау (текст)

Өлең де бар біздерде, өнер де бар-ей,
Мінілмеген жылқыда дөнен де бар-ай.
Таң атқанша өлеңді айтып-айтып-ей,
Таң атқан соң үйіңе жөнел де бар-ай.

Ахахай-ау риай-ау,
Жазайын хат.
Көңілім шат,
Қос перизат, риай-ау.

Қош болғайсың, қалқатай, қош болғайсың-ей,
Шаршы топтың ішінде дос болға            сың-ай.
Аулың алыс кеткенде-ей, қалқатай-ей,
Жас күндегі мінезді еске алғайсың-ай.

Ахахай-ау риай-ау,
Жазайын хат.
Көңілім шат,
Қос перизат, риай-ау.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: