Сайра (текст)

Маңдайың біткен жазық бақ тамғандай,
Көзіңіз қараңғы үйде шам жанғандай.
Әзілмен бір-екі ауыз сөз сөйлесең,
Естіген жан, жамағат таң қалғандай-ау.

Жан сәулем, қайдасың,
Сен есіме түскенде
Қызыл тілім сайрасын.

Тіліңіз шекер менен балдан тәтті,
Ажарың ой жіберсем нұр сыйпатты.
Отыз тіс аузыңызда меруерттей,
Анадан тумас адам дәл сіз затты.

Жан сәулем, қайдасың,
Сен есіме түскенде
Қызыл тілім сайрасын.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: