Бұл – Бұлғынның асуын асып келдім,
Жапырағын жайқалған басып келдім, құрбым-ай.
Сен есіме түскенде ей, қарағым,
Атыңды атап өлеңге қосып келдім, құрбым-ай.
Саялы өзен Бұлғын-ай,
Сайрандаған бұл күн-ай.
Ұлы тойдың үстінде,
Ән салайық бұлбұл-ай.
Жүруші едік Бұлғынды қыстап-жайлап,
Жағасына жағалай бие байлап, құрбым-ай.
Талай күнді өткізіп, сайраңдатып,
Қыз-бозбала жүруші ек күліп-ойнап, құрбым-ай.
Саялы өзен Бұлғын-ай,
Сайрандаған бұл күн-ай.
Ұлы тойдың үстінде,
Ән салайық бұлбұл-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: