Қара жер өлсем орным сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат ғадауат пен маймандасқан,
Жүрегім қайран менің мұз болмай ма?
Мұз болмай ма,
Кәлілелім-кәліләлім,
Ахахау, кәліләлім.
Түбіне жүрегіңнің терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Кінә қойма,
Кәліләлім-кәліләлім,
Ахахау, кәліләлім.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: