Сырлы-ау, ләйлім (текст)

Сыртың сұлу, сымбатың, оу, салған ұста,
Ақ жүзіңді көргенде, ау, мейірім түсті, алуай.
Кейбір ханның жүгіндей, оу, түрленесің,
Қап тауының басында, ау, жанар құстай, алуай.

Басынан байқап,
Тұрамын тайсап,
Ұйықтасаң, қалқа,
Оятамын шайқап.
Оу, сырлы-ау, ләйлім,
Батт(ы)-ау қайғың, бұраң бел,
Оу, қымыран дәурен, алуай.

Қарға қыран болмайды, оу, шымшық алмай,
Қышыған жер басылмас, ау, шымшып алмай, алуай.
Көңіл шіркін, әсілі, ой, көншімейді,
Бір отырып оңаша, ау, сыр шығармай, алуай.

Басынан байқап,
Тұрамын тайсап,
Ұйықтасаң, қалқа,
Оятамын шайқап.
Оу, сырлы-ау, ләйлім,
Батт(ы)-ау қайғың, бұраң бел,
Оу, қымыран дәурен, алуай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: