Сырғанақ (текст)

Айдын мұзда жарыстық,
Конькименен сырғанап.
Ізімізден қар ұшып,
Қызық болды бір ғажап.

Сырғанақ, сырғанақ,
Ата-анамыз тұр қарап.
Құлын тайдай жарысу,
Қызық екен бір ғажап.

Бірде озып, бірде қап,
Қолдан бермей намысты.
Құстай ұштық сырғанап,
Думандатып жарысты.

Сырғанақ, сырғанақ,
Ата-анамыз тұр қарап.
Құлын тайдай жарысу,
Қызық екен бір ғажап.

 

Сөзі: С. Баязит

Әні: Н. Дүкенбай

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: