Сүйген сәулем (текст)

Бір сен еді сүйгені көңілімнің,
Келешегі, сәулесі өмірімнің.
Сенсіз жерде құлазып тұра алмаймын,
Сондықтан да мәні сол келуімнің.

Жұқа жүзді, қолаң шаш,
Кел, шырқайық, әнге бас.
Қасыма кел, сүйген сәулем,
Жабырқаған көңілімді аш.

Осыншама күйдірген жүрегімді,
Басқа жанға қимаймын бір өзіңді.
Сені күттім сүйген жар, күндіз-түні,
Су сепкендей болдырма тілегімді.

Жұқа жүзді, қолаң шаш,
Кел, шырқайық, әнге бас.
Қасыма кел, сүйген сәулем,
Жабырқаған көңілімді аш.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: