Мінгенім дәйім менің сұржекейім,
Бүлкілдер әнге салсам көмекейім.
Кіші – іні, үлкен аға бас қосқанда,
Алдында сұржекеймен бір кетейін.
Етікті әуел бастан нәл сақтайды,
Бәйгеде еркін жүйрік алшақтайды.
Өлеңді айт дегенде қоя бермей,
Несіне әнші жігіт жалтақтайды.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: