Сұржекей (2-нұсқа) (текст)

Мінгенім дәйім менің сұржекейім,
Бүлкілдер әнге салсам көмекейім.
Кіші іні, үлкен аға бас қосқанда,
Алдынан сұржекеймен бір өтейін.

Сұржекей, әсем басып елеңдейсің,
Бой жеткен сұлу қыздай көлдеңдейсің.
Мойныңды бұрып тастап, сылаң қағып,
Мінгенде көңілім шалқып, көкке өрлейсің.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: