Сәлем (текст)

Ғизлату құрбым сізге бізден сәлем,
Арада жетер ме екен тартқан кәләм.
Бағыңа біз бір туған бала бұлбұл,
Таранып жан-жағыңа енді қаран.

Бір түнгі мәжілісіңде бірде болмай,
Қапалы көңіл шіркін, уа шіркін, болады алаң.

Мұхтарам аман ба екенжан мейірбан,
Тістерің, ернің ләгүл інжу-маржан.
Садаптың жаңа порым жауһазындай,
Аузыңнан шыққан сөзің дертке дәрмен.

Бір түнгі мәжілісіңде бірде болмай,
Қапалы көңіл шіркін, уа шіркін, болады алаң.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: