Арғымақтан ат жақсы шабыс болса,
Ағайыннан жат жақсы таныс болса, сәулем-ай.
Досың күліп, дұшпаның табалайды,
Бір нәрседен аяғың шалыс болса, сәулем-ай.
Аяғыма кигенім кебіс еді,
Жылқы ішінде қос күрең тебіседі, сәулем-ай.
Аулың алыс кеткенде, ей, қарағым,
Не деп қоссам өлеңге келіседі, сәулем-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: