Таң самалы

Алтын нұр аймалап алапты
Алаулап арайлы таң атты
Таң самал тербеп, тебіренер кеудем
Сен-дағы мені тербе, сәулем!
Өзіңдей нұрлы арайлы таңым
Қуаныш етіп қараймын жаным
Аспаным ашық, көңілім биік
Гүлімді таптым өзіңді сүйіп
Орманда ақ қайың көремін
Ақ қайың сен өзің дер едім
Аулақта бұлбұл шырқаса әнге
Толқышы әнмен шалқып сен де!
Өзіңдей нұрлы арайлы таңым
Қуаныш етіп қараймын жаным
Аспаным ашық, көңілім биік
Гүлімді таптым өзіңді сүйіп
Жазира кең дала көлбеген
Бір сен деп лебіңе шөлдеген
Сылдырлап бұлақ ағады, таудан
Күмістей күлкің естілер қайдан
Өзіңдей нұрлы арайлы таңым
Қуаныш етіп қараймын жаным
Аспаным ашық, көңілім биік
Гүлімді таптым өзіңді сүйіп.

 

Сөзі: Н.Шәкенов

Әні: Е.Рахмадиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: