Тыңда жырымды (текст)

Мен тіледім әрдайым ел тілегін,
Елмен бірге торықтым, елжіредім.
Тоқсан тарау тағдырлар тоғысатын,
Тоқсан жолдың торабы – бұл жүрегім,
Бүкпе сырыңды.
Сең ұрғандай болмайды сезім тегін,
Көңілімде – көп арман, көзімде – мұң.
Тоқсан жолдың торабы – бұл жүрегім,
Тоқсан тағдыр түйіні – сөзім менің,
Тыңда жырымды.

 

Сөзі: Төлеген Мұқаев

Әні: Қабдолда Тұраров

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: