Қызы сұлу көрінер Айт-Бозымның,
Берекеті ішінде қой-қозымның.
Тұрлау қайың,
Осы әнімді салып ал,
Қалқатайым-ай.
Тамашалап, той тойлап мен отырмын,
Даусы қайдан шығады жампозымның?
Тұрлау қайың,
Осы әнімді салып ал,
Қалқатайым-ай.
Көк ала үйрек ұшады көлге қарсы,
Жануардың ұясы желге қарсы.
Тұрлау қайың,
Осы әнімді салып ал,
Қалқатайым-ай.
Сен алысқа кеткенде, аяу қалқам,
Орамалға ағады көздің жасы.
Тұрлау қайың,
Осы әнімді салып ал,
Қалқатайым-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: