Қарағым, айналайын, сықылыңнан,
Секілді қысыр киік мықыныңнан-ай, угай-ай.
Бағаңа бағаласам жан жетпейді,
Жаралдың қандай адам тұқымынан-ей, угай-ай.
Бойыңа ұялапты білім деген,
Оғаштық мінезіңнен білінбеген-ай, угай-ай.
Кеткенде аулың шалғай қимас қалқам,
Көзіңнен айналайын күлімдеген-ай, угай-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: