О, жаным, қары ма, жас па, қары ма, жас па-ай,
Танимын дауысыңды жаза баспай.
Ой, дүние, шіркін, жалған-ай,
Угәй-угәй, арман-ай.
Әуселім ештемеден басылмайды-ау,
Жылқыда ала таяқ араласпай.
Ой, дүние, шіркін, жалған-ай,
Угәй-угәй, арман-ай.
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған.
Ой, дүние, шіркін, жалған-ай,
Угәй-угәй, арман-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: