Халаулім-ай

Өлең басы бісміллә, оу, деп айтамыз-ау,
Жаратымсыз жаман сөз неге айтамыз, айхой, халаулім-ай.

Бәрімізді жаратқан, оу, жаппар құдай-ау,
Құдайды айтпай әуелі нені айтамыз, айхой, халаулім-ай.

Айтар кісі алдыма, оу, кез келгенде, оу,
Топтан шыққан торыдай жаңтаңдаймын, айхой, халаулім-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: