Шапибай-ау (текст)

Дегенде Шапибай-ау, Шапибай-ау,
Атымды талға байлап, келдім жаяу.
Атымды талға байлап, келсем жаяу,
Шапи қыз жатыр екен, ұйқылы-ояу.

Боз үйге ай сәулесі нұрын төгед,
Шапи қыз сәлем айтып келсін деп ед.
Шомылған айдын көлде аққудай боп,
Бұраң бел сылаң етіп шыға келед.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: