Ел көшкенде жайлауға бір еркіндік,
Жол үстінде жас жүрек білер кімді,
Өміріңнің өзі көш, осы көштей,
Керек емес жігіттің бірер күндік-ай.
Болсаң мәңгі жолдас бол,
Болсаң мәңгі жолдас бол.
Керек емес жігіттік,
Бірер күндік-ай.
Қайда кетті сол жігіт, ақын жігіт-ай,
Көк шалғынға жүр ме екен үйін тігіп.
Күте-күте өзіңді шаршағаннан-ай,
Ұйықтаған боп, қыз көзін жатыр жұмып-ай.
Қапы қалма, бозбала,
Қапы қалма, бозбала,
Ұйықтаған боп,
Қыз көзін жатыр жұмып.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: