Ұшады көкала үйрек көл дегенде,
Сілекей сірне татыр шөлдегенде.
А, шіркін-ай, қайран сәулем.
Бір естіп хабарыңды жай таппадым,
Менде жоқ ұшар қанат сен дегенде.
А, шіркін-ай, қайран сәулем.
Белгілі сұлу жылқы сырғалықтан,
Көруші ем сөзді тәуір бір қылықтан.
А, шіркін-ай, қайран сәулем.
Ала алмай сізден хабар қапа болдым,
Жетер ме сәлем айтсам бұлдырықтан.
А, шіркін-ай, қайран сәулем.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: