Көлдерден көк ала үйрек, қаз арылмай,
Ақ жүзің айдын көлдің ажарындай.
Үйіңнен күндіз-түні ат кетпейді,
Секілді Орынбордың базарындай.
Ауылдан мен шыққанда бесін еді,
Ақ сұра ат алма мойын есінеді.
Есіме сен түскенде, беу, қарағым,
Белбеуім белімдегі шешіледі.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: