Салғаным сал қара атқа жаппай күміс,
Білмеген асыл жайын адам емес.
Осы әнді Юран деген қыз айтыпты,
Баласы басқа адамның салған емес.
Юран-ай, юран-ай, юран-ай,
Халалакум Юран-ай,
Пау шіркін Юран-ай, юран-ай, юран-ай, юран-ай,
Ахау, ахау, ай!
Қыз бопты Қараөткелде Юран атты,
Аузынан шыққан сөзі балдай тәтті.
Салғанда домбырамен Юран әнін,
Өзіңе тең көрмеген адамзатты.
Юран-ай, юран-ай, юран-ай,
Халалакум Юран-ай,
Пау шіркін Юран-ай, юран-ай, юран-ай, юран-ай,
Ахау, ахау, ай!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: