Қара көк жылқы ішінде сетер екен,
Күлмеген, ойнамаған бекер екен-ай.
Іліг-ай, қызық-ай,
Қалалакім-ай, әли-лай,
Қалар бір күн-ай дүние-ай.
Жастық шақ көк семсердің жүзіндей боп,
Аз күнде жалт-жұлт етіп-ай өтеді екен-ай.
Іліг-ай, қызық-ай,
Қалалакім-ай, әли-лай,
Қалар бір күн-ай дүние-ай.
Қаракөк жылқы ішінде сылаң қаққан,
Өмілдірік, кежімін сәндеп жапқан.
Іліг-ай, қызық-ай,
Қалалакім-ай, әли-лай,
Қалар бір күн-ай дүние-ай.
Оралыңның барында күл де ойна,
Қызыл түлкі дүние бұлаң қаққан.
Іліг-ай, қызық-ай,
Қалалакім-ай, әли-лай,
Қалар бір күн-ай дүние-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: