Ер тоқымнан кетпейді аттың қағы,
Талаптанбай ашылмас ердің бағы.
Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Тәуекелге беліңді бек байласаң,
Ержігіттің арымас арғымағы.
Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Ақылың абзал қалқам-ай.
Иранбақтың, ай қалқа, гүліндейсің,
Піскен алма алқызыл түріндейсің.
Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Жүзіп жүрген судағы сен ақ қайраң,
Салсам қармақ өзіңе іліноейсің.
Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Ақылың абзал қалқам-ай.
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: