Ғазиз

Published on 11/03/2017

Атандым Ғазиз ақын бала жастан,
Ақын жоқ Қараөткелде менен асқан.
Жүйрікті жорға мініп жетеледім,
Көңілім қалған емес қиғаш қастан.

Ау, өттің жалған,
Кештім сайран.
Жігіттік әсерінде
Салдым сайран.

Файзолла әкем аты, Ғазиз атым,
Демесең шала қазақ арғы затым.
Жел сөздің бірекі ауыз арқасында,
Үш жүздің таныс еттім азаматын.

Ау, өттің жалған,
Кештім сайран.
Жігіттік әсерінде
Салдым сайран.

 

Сөзі: Ғазиз Файзоллаұлы (1860-1930)

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Enjoyed this video?
"No Thanks. Please Close This Box!"