Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қазизалы қарағым, қабағың,
Аққағаздай-ай-ай-ай
Сенің тамағың.
Ел жұртынан айрылған қиын екен,
Қара көзге мөлдіреп жас келеді.
Қазизалы қарағым, қабағың,
Аққағаздай-ай-ай-ай
Сенің тамағың.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: