Қалаулым-ай (текст)

Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,
Сала берме көзіңді әр жақсыға, қалаулым-ай!
Сала берсең көзіңді әр жақсыға,
Бәрі жақсы көрінер алғашқыда, қалаулым-ай!

Алматы мен Қоғалы-ай,
Әркім көңілі жоғары-ай.
Аса байлық не керек,
Ден сау болса, болғаны-ай-ау!
Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе?
Осы отырған отырыс,
Бір ғанибет емес пе-ай-ау!

Мінген атым астыма құла қасқа,
Шеңбер салдым құдыққа құламасқа, қалаулым-ай.
Әдейі іздеп аулыңа мен барғанда, ахау!
Танымаған адамдай тұра қашпа, қалаулым-ай.

Алматы мен Қоғалы-ай,
Әркім көңілі жоғары-ай.
Аса байлық не керек,
Ден сау болса, болғаны-ай-ау!
Жүгіріп шықтым белеске,
Белес жақын емес пе?
Осы отырған отырыс,
Бір ғанибет емес пе-ай-ау!

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: