Байладым-ай үш көтеріп үзігіңді,
Соқты екен қандай ұста дүзігіңді, ай, қалаулым-ай.
Кездіктей-ай ұста соқкан тойтармалап,
Көреді қандай адам қызығыңды, ай қалаулым-ай.
Өлеңді айтушы едік бір кісідей,
Мылтықтың сырты сүлу дүмбісіндей, ай қалаулым-ай.
Ойнасаң-ай біздермен жарасады,
Құнан мен қара жорға жүрісіндей, ай, қалаулым-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: