Айналайын қарағым, қара қасым,
Қос иықта бұралған қолаң шашың-ай.
Өзіңменен бір болсам бұл өмірде,
Болады ғой бақытты менің басым-ай.
Қалқа бала,
Қалқа бала,
Қалқа бала дегенде
Шалқалама-ай.
Айналайын елімнің қабағынан,
Дәм тарттырған қастерлі табағынан-ай.
Алқаласа, асқақтай күй төгілер,
Кеудемдегі жыр қобыз шанағынан-ай.
Ән қалаған,
Алқалаған,
Қарқарадан қызығым
Тарқамаған.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: