Қапиада-ай (текст)

Қаратау басың биік тақиядай,
Кеш өтсе көкорайды жапырады-ай.
Білімге әл келгенше таласыңдар,
Кейінде қалып жүрме қапиада-ай.

Дүние ойлап тұрсаң шолақ екен,
Жас күнде ақыл-қайрат мол-ақ екен.
Барында гүл-жазыңның ойна да күл,
Қызығы бұл жалғанның сол-ақ екен.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: