Мінгенім дәйім менің Қаражорға,
Кетеді қанат бітіп қара жолда.
Аулы қалқатайдың қайда кетсе,
Адаспай Қаражорға барады ол да…
Жолынан Қаражорға жаңылмайды,
Қалқатай қалай ғана табылмайды.
Ойлаған мақсатыма жете алмасам,
Басымнан ауыр тұман арылмайды.
Тағдырдың талай рет соқты желі,
Асудан аруақ, құдай өткізеді.
Астымда аман болса Қаражорға,
Жеріме жетем деген жеткізеді.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: