Ақ алма, қызыл алма жемедің бе,
Тәтті алма шықты қайдан демедің бе?
Жүгіртіп бір баланы жіберіп ем,
Шырағым, неге келдің демедің бе!?
Аппақ етің қояндай,
Шошып сәулем оянды-ай.
Ғашық болған Қаракөз,
Қызығыңа тоя алмай.
Ей, сүмбіл шаш,
Қара көзім,
Тәтті сөзің,
Барғанымда болсайшы
Жалғыз өзің.
Қарағым, сен ар жақта, мен бер жақта,
Ойнайды торы арғымақ тар шарбақта.
Ойымнан жатсам, тұрсам бір кетпейді
Сенімен қосылсам деп мен қай уақта.
Аппақ етің қояндай,
Шошып сәулем оянды-ай.
Ғашық болған Қаракөз,
Қызығыңа тоя алмай.
Ей, сүмбіл шаш,
Қара көзім,
Тәтті сөзің,
Барғанымда болсайшы
Жалғыз өзің.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: