Боз інгенді, ендеше, боз інгенді,
Сөйлейін леп аузыма сөзім келд(і)-ау.
Қарағай,
Шауып өттім аралай,
Алды-артыма қарамай.
Кішкентайдан бірге өскен құрбым едің,
Құдай айдап тілдесер кезің келд(і)-ау.
Қарағай,
Шауып өттім аралай,
Алды-артыма қарамай.
Боз келтірген, тағы да боз келтірген,
Қисық-қисық ағашты тез келтірген.
Қарақ-ай,
Қарағымның, жамалы-ай,
Жан күйдіріп барады-ай!
Бір көрсем деп сағынып жүруші едім,
Айналайын құдайдан кез келтірген.
Қарағай,
Желіп өттім аралай,
Жан-жағыма қарамай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: