Дүние өте шығар басымыздан,
Бала едің әдеп көрген жасыңыздан.
Он бес пен жиырманың арасында
Кетпейді келген құрбы қасыңыздан.
Дүние өте шығар ебелектеп,
Құрбыға сөз айтамын не керек деп.
Сыртыңнан талай құрбың жүрген шығар,
Сәуірдің бұлтындай боп төңіректеп.
Қарағым-ай, төңіректеп.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: