Айдап салдым жылқымды теріскейге,
Бақпай қойса мал шіркін өрістей ме-ай.
Жылқы ішінен саңлақты ұстап мініп,
Осылайша ән салсам-ай, келіспей ме-ай.
Қара жорға,
Жорғалатып салайын-ей,
Жолдан жолға-ай.
Жүйрік те бар жылқымда, жорға да бар,
Бір атымнан тер шықса-ай, пиғылым тар-ай.
Ортақ малын елімнің өсірем деп,
Қалқатай, көтерген-ай сенімім бар-ай.
Қара жорға,
Жорғалатып салайын-ей,
Жолдан жолға-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: