Қолымда бір қамшым бар күмістенген,
Күмісін бұл шіркіннің кім істеген-ай.
Тарыдай тал бойыңда бір мінің жоқ,
Бола ма сізден артық біліс деген-ай.
Па, шіркін,
Қара кер жорға.
Тисе қолға,
Кетер ем сапар шегіп
Алыс жолға-ай!
Көйлектің бүрме салдым әдібіне,
Адамның кез келмегін бәдігіне-ау.
Адамның кез келтірсе бәдігіне,
Жетпейді бес тиындай қадіріңе-ау.
Па, шіркін,
Қара кер жорға.
Тисе қолға,
Кетер ем сапар шегіп
Алыс жолға-ай!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: